Жабай Қарабиұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:45, 2024 ж. шілденің 26 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жабай Қарабиұлы (1697, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қарағайлы кент жағалауы — 1770 жылдары, сонда) — батыр. Орта жүз құрамындағы керей тайпасының ашамайлы руынан шыққан.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарға қатысып, ерлігімен көзге түскен. Жабай Қарабиұлы батыр туралы Дәстем салдың “Қаһармандар” дастанында айтылады. Оның ерліктерін Бұқар жырау, Үмбетей, Жанкісі, Тәтіқара, Көтеш, Шал ақындар жырлаған.

Жабай Қарабиұлы батырдың Тоқсан, Сексен, Мыңжасар есімді ұлдарынан тараған ұрпақтар бүгіндері Ресейге қарасты Түмен облысы мен Солтүстік Қазақстан аумағында тұрады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


Үлгі:Суретсіз мақала