Достан Тәңірбергенұлы
Достан Тәңірбергенұлы (шамамен 1757, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы— 19 ғасырдың 30-жылдары) — би. Кіші жүзді құрайтын Алшын тайпасынан тараған Шекті руынан шыққан. Ноғайлының атақты әмірі Тілеу Айтұлының ұрпағы.
Достан дәулетті, бай адам болған. И.Ф. Бларамбергтің 1852 жылы Санкт-Петербургте шыққан “Кіші жүздің жері” деген еңбегінде: Үлгі:Дәйексөз деп жазған. Халық оны “отыз ұлды Достан” деп атаған. Достан Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан. Ол 1786 жылы Сырым батыр шекті еліне келгенде көтерілісшілердің қажетіне 400 сәйгүлік берген. 1787 жылы старшиналыққа ұсынылады. Сол жылдың қарашасында Орынбор генерал-губернаторы О.А. Игельстром Екатерина II-ге жазған хатында: Үлгі:Дәйексөз деп көрсетілген.
1797 жылы Достан, Көтібар бастаған шекті руының 100 адамы Ресейдің отарлық саясатын жүргізуші Есімді өлтіріп, ордасын талқандаған. Достан — Арынғазы сұлтанды қолдап, оны айдаудан босату туралы және Кіші жүз ханы ретінде мойындау жөнінде Ресей патшасы Александр І-ге жолдаған хатқа 389 ел азаматтарының қатарында қол қойғандардың бірі.<ref>Қазақ энцклопедиясы</ref>