Джордано Филиппо Бруно

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Merge

Сурет:Giordano Bruno.jpg
Джордано Филиппо Бруно

Джордано Филиппо Бруноиталиялық философ, ақын, астроном. Ол 1548 жылы Италияның Нола қаласында туған. Есейіп өскен шағында дінге қарсы көзқарасы үшін Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция Бруноны сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін оны тірідей (1600 жылы он жетінші ақпан күні Рим қаласында) отқа жағып өлтірді. Бруно философияның мақсаты құдай бар деп білу емес, «заттардың өз құдіреті» болып табылатын табиғатты тану деп тұжырымдады. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды. Болмыстың негізгі өлшемі – монада. Ең жоғары субстанция – «монадалардың монадасы» немесе құдай; ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Бруно өз дәуірі үшін озат, кейін дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды.<ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>

Сурет:Giordano Bruno BW 1.JPG
Джордано Бруно ескерткіші

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Джордано БруноҮлгі:Stub

sl:Filippo Giordano Bruno