Нұркен Айтуғанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұркен Айтуғанов (1916 жылы туған), механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1958). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Еңбек жолын 1934 ж. Нұра ауданының Калинин атындағы ұжымшарында бастады. 1939-1953 ж. комбайншы, бітік егін өсіріп үздік еңбек табыстарына жетті. 1954-1980 ж. Чернигов ауылдық кеңесінің төрағасы.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
Орден және медальдармен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify