Шолпан Абдоллақызы Жарасова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шолпан Абдоллақызы Жарасова - 1964 жылы 4 желтоқсанда Шымкент қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жарасов Абдолла Ержанұлы, ұжымшар төрағасы. Анасы - Оразбекова Сара, «Южная» қонақ үйінің әкімгері. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының педагогика факультетін бітірген (1993), мамандығы- «Тарих және педагогика». Қазақ, орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі.

  • 1993 жылдан - М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының сырттай оқу бөлімшесінің әдістемешісі.
  • 1999 жылдан - «Адал» ЖШС бас директорының орынбасары, 2002 жылдан - бас директоры.
  • 2004 жылдан бері - «Меланж» АҚ президенті.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Тасанбаев А.К. Ұлдары - Тасанбаев Ж.А. (1984 жылы туған), Тасанбаев Ж.А. (1995 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub