Қыпшақбай Досанұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қыпшақбай Досанұлы - 20 ғасырдың басына дейін өмір сүрген ақын.


Омбы аймағында туып, сексенге таяған шағында сол төңіректе дүние салған.

Мұсылманша сауатты, ел ішінде беделді адам болған. Жетісулық Бақтыбай ақынмен айтысқа түскен. "Шәмші уәзір", "Ахмет патша", "Қарамолда", "Шаһарман" "Сейітбалдың Далқоразбен соғысы" дастандары бар. Ерден батырды мадақтау сайысында бір топ ақынның (Орынбай, Жанақ, Сақау, т.б.) ішінен Шөженің жеңіп шыққандығы осы Қыпшақбайдың мұрасы арқылы айғақталып отыр. М.Дулатұлы өзінің "Оян, қазақ!" кітабында оның есімін зор ілтипатпен атап, өнердегі жорғаға теңеген.

Қыпшақбайдың бірқатар өлеңі Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify