Қанымбек Қасымбеков
Қанымбек Қасымбеков (Кано; 4.2.1943 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылы) - кинорежиссер.
1974 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1969).
Фильмдері
- «Шоқ пен Шер» (1971 )
- "Сен 12-ге толғанда" (1978)
- "Қызыл киіз үй" (1982)
- "Үш, тырнам, ұш" (1985)
- "Қоштасқым келмейді" (1992)
- "Саған күшік керек пе?" (1994)
- "Жамбылдық жастық шағы" (1996)
- "Орысша үйренеміз" деректі фильмі
Өкінішке қарай «Арман қала – Астана», «Сәлем, Қазақстан», «Алматы апорты», «Аманат» сынды туындылары көпшілікке жеткен жоқ.
Жүлделері
"Шоқ пен Шер" атты толық метражды фильмі Монте Карлодағы кинофестивальда "Ең үздік балалар фильмі" (1972) жүлдесін алды, сондай-ақ1973 жылыТашкент қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін жеңіп алды.
«Сен 12-ге толғанда» фильмі 1978 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде арнаулы жүлдесін алды.
Комсомол сыйлығы иегері (1974).
<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1999).
Үйленген. Жұбайы - Аязбаева Оралтай Қастенханқызы,зейнеткер. Қыздары - Қасымбекова Меруерт (1978 жылы туған), Қасымбекова Айжан (1990 жылы туған). Немересі - Қасымбеков Даниал (2001 жылы туған).
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify