Владимир Александрович Ушаков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:21, 2017 ж. қыркүйектің 20 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Владимир Александрович Ушаков (1940 жылы туған, Ресей, Томск облысы Колпашевский ауданы Тогур ауылы )- актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
1961 жылы Иркутск театр училищесін, 1978 жылы Мәскеу театр өнері институтының жоғарғы режиссерлік курсын бітірген. 1961 - 63 жылдары Иркутск балалар және жастар театрында, 1963-78 жылдары Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында актер, режиссер, 1983 жылдан осында актер.
"Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала