Серік Тұрғынбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Серік Тұрғынбеков (1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (2003). Парасат орденінің иегері (2016).

Толығырақ

  • Серік Тұрғынбекұлы 1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында дүниеге келген.
  • 1964 - 67 ж. Жанкелдин ауданы "Жаңа өмір" газетінде жұмыс істеген.
  • 1967 - 73 ж. қазақ радиосында аға редактор,
  • 1973- 78 ж. "Лениншіл Жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
  • 1978- 80 ж. Халық шығармашылығы үйінде бөлім менгерушісі.
  • 1980 -81 ж. Қазақ телевизиясында редактор қызметін атқарған.
  • 1981 - 85 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі болған.

Шығармашылығы

  • "Сүйген жүрек",
  • "Асан ата ізімен,
  • "Қобыз"(1975),
  • "Көкейкесті"(1978),
  • "Торғай толғауы" (1981),
  • "Жүрегімнің сәулесі" (1983),
  • "Тыңда түлегендер" (1983),
  • "Кеш келген көктем" (1985),
  • "Жерорта" (1999)атты жыр жинақтарының,
  • "Махамбет және Жәңгір хан",
  • "Сәкен сұңқар" дастандарының,
  • "Нұрхан",
  • "Мұқағали" пьесаларының авторы.
  • Тұрғынбековтің аударуымен орыс ақындары А.Твардовскийдің лирикалық өлеңдері "Перзент" (1985), "Бауырлас жырлар" (1985), П.Богдановтың "Москва үшін шайқас" поэмалары жарық көрген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер