Разақ Әбдірахманұлы Абузяров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Біріктірілсін

Абузяров Разақ Әбдірахманұлы (16.6.1932 ж.т., Алматы облысы бұрынғы Андреев ауданы Лепсі а.) – пед. ғыл. докт. (1983), проф. (1985). ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін мектеп мұғалімі, директоры болған. Орал пед. ин-тында (1970–91, қазіргі Батыс Қазақстан мемл. ун-ті) оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1992 жылдан Тіл үйрету орт-ның жетекшісі қызметтерін атқарады. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – әр түрлі аудиторияларда қазақ және орыс тілдерін жедел меңгерудің әдістемелік мәселелері. А. 200-ден астам ғыл. еңбектің («Русский язык на занятиях по начальной военной подготовке в национальной школе», 1989; «Учимся и учим говорить по казахски», 1996) авторы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала