Үйтолы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:45, 2025 ж. желтоқсанның 21 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мешіт Үйтолы жерасты мешіті (XVIII-XIX ғғ.) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген діни сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан 2 км батыс бағытта орналасқан.

Сипаты

Ескерткіш 2005 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен зерттелген.
Мешіт Сарықаспақ дөңінің жанындағы терең сайдың солтүстік-шығысқа қарай бағыттала ойылып салынған. Мешіт құрылысы 4 бөлмеден және жартылай пішіндегі кіреберіс дәлізден тұрады. Бөлмелерінің ұзындығы 3,3 м-ге жуық, ені 3,5 м, орташа биіктігі 2,5 м-дей болып сақталған; мешіттің жалпы биіктігі 7 м. Кіреберісінен кейінгі төбесінен жарық түсіретін ойығы бар орталығы үлкен бөлменің оң және сол жағында екі бөлме, одан әрі қарай аумағы жағынан 2-бөлмеге жалғаса түпкі шағын бөлме (намаз оқитын орын болуы мүмкін) орналасқан. Бөлмелердің аралықтары кең аумақты етіп ашық қалдырылған, қабырғалары доғаланып қашалған, төбелері киіз үйге – аласа күмбезге ұқсатылып жасалған. Жартасты қабырғаның әр жерінде шырақ қоюға арналған шағын ойықтар сақталған. Мешіт ішінде құдық болған. Ел аузында оған ниеті түзу, ақ ниетті адам еңкейсе су шүпілдеп аузына келеді, ал ниеті бұзық адам келгенде, керісінше, суы тартылып қалады деген аңыз сақталған. Ауа райының әсерінен дәліз қабырғалары мүжіліп сынған.
Таушық ауылының оңтүстік-батысындағы қырат басына қойылған мазар белгілі дін өкілі Үйтолы Тышқанұлының бейіті. Ол мешіт ішінде бала оқытқан, кейін осында жерленген; басына адамдар келіп, түнеп зиярат етеді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер