Зәкария Сағындықұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:19, 2024 ж. қыркүйектің 1 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Зәкария Сағындықұлы (туған жылы белгісіз, Маңғыстау облысы1931) — ақын.

Өмірбаяны

Бала кезінен Абыл, Махамбет, Аралбай жырларын жаттап, Қашаған, Ақтан ақындардан өнеге алады. Зәкария жиын-тойларда жыр айтып, күй тартып, ән салып, өз өнерпаздығымен елге кең танылады.

Қазан төңкерісінен кейін елді отырықшылыққа үндеп, бірқатар ауылдарды Ойыл төңірегіне – Сулыкөл, Наршөккен, Қоғалыкөл, Қоңырсай мекендеріне қоныстандыра бастайды. Оның бұл игі ісін шолақ белсенділер теріс түсіндіріп, жалған жаламен кеңестік кезеңнің кәріне ұшырайды.

1928–1930 жылдары Ойыл түрмесінде отырып, 1930 жылы он жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады.<ref>Сыдиықұлы Қ., Халқымен қайта қауышқандар, А., 1997</ref>

Шығармалары

Зәкария жазықсыз жаламен қапаста отырып шығарған «Адамзаттың баласы», «Құдіреті күшті құдайым», «Адай деген ел едік», «Көлденең жатқан Маңғыстау», «Шатылу бүгін емес, бұрыннан бар», т.б. жыр шумақтарында өткен дарқан күндерді еске алып, елдің рухын, бағзы тұрмысын армандай толғайды. Қадірлес досы Мамай Салғараұлына өлең-хат түрінде жолданған ыза мен мұңға толы тебіреніс-толғаулары ел арасына кең тараған. Толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде және «Қапаста жазылған хаттар» (А., 1992), «Жыр-дария» (Ақтау, 1995) жинақтарында жарық көрген.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub