Есбай Балұстаұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:21, 2021 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Есбай Балұстаұлы, Тазбала (1842, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сарыкөл көлінің маңы, — 1910, сонда) — күйші, композитор.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Әкесі Балұста он саусағынан өнер тамған зергер, дәулескер домбырашы болған. Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

11 жасында әке-шешесінен жетім қалған Есбайды атасы Ерназар қолына алады. Баланың ерекше дарыны мен талабын байқаған атасы батасын беріп, ел аралап күй тартуға рұқсат етеді. Халық арасына “Тазбала” деген есімімен белгілі болған Есбай Еділ — Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз бойын, Маңғыстау мен Үстірт алабын, Орынбор, Саратов, Самара,<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> Астрахан қалаларын аралап күй тартып, көптің алғысына бөленген. Белгілі күйші Абыл Тарақұлы Есбайға ерекше ықпал еткен. Абылды ол өзіне ұстаз тұтқан.

Есбайдың “Өтті-кетті”, “Жалды қара”, "Терісқақпай” күйлері эпикалық серпін, филосиялық толғанысқа толы болса, “Балықшы кемпір”, “Шажда қыз” — өз замандастарының бейнесінен, ал “Бөгелек”, “Сарыалқа” күйлері табиғат көріністерінен сыр шертеді.

Есбайдың күйшілігін А.В. Затаевич аса жоғары бағалаған. Есбай күйлерін біздің заманға жеткізген маңғыстаулық домбырашылар Назар, Арал, Сәулебай, Қисық, Кәуен (Жұмағали) және кейінгі Л. Мұхитов, М. Өскенбаев, С. Қазтуғанов, Ш. Ибрагимов, Б. Атанқұлов, С. Жалмышев, І. Шыртанов, т.б.<ref>Қазақ энциклопедиясы, III том, 12 тарау</ref>

Дереккөздер

<references/>


Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub