Гийас ад-Дин әл-Женди

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гийас ад-Дин әл-Женди, Гийас ад-Дин Әбу- л-Мадж Мухаммад ибн ол-Хасан ибн Ибраһим (туған, өлген жылы белгісіз, Жент қаласы) — ақын. Алғашкы білімін Жентте алған. Сонан соң Хорезм өлкесінің бас шаһары Үргеніште (Джурджанда) білімін толықтырған. Әдебиет пен тарих, тіл мен фиқһ секілді ғылым салаларын терең меңгерген Гийас ад-Дин әл-Женди кейін туған қаласына қайта оралган. Ол оқымысты ақындар санатына жақын болған. Ибн әл-Фуати оны "тамаша ақындардың бірі еді, өлендері де ғажайып" деп келіп, "Ынтықтық — ақыл-естен айырылғандардың кез келгені ұшырайтын ауру. Махаббат қайнары оның тым тәтті, Махаб¬бат қайнары оның тым ащы" де¬ген жыр үзіндісін келтіреді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub