Бәсенов Алмат Ғалиұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бәсенов Алмат Ғалиұлы (1961 жылы туған), сәулетші- дизайнер. 1983 ж. Алматы сәулет-құрылыс институтының сәулет факультетін бітірген. Бұдан кейін осы оқу орнында тұрғын және коғамдық үйлер кафедрасында оқытушы. 1986-89 ж. суретші-конструкторлар бюросының жетекшісі, 1989 жылдан Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасында суретші-дизайнер. 1997 ж. өткен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойының эмблемасын жасауға арналған конкурска қатысып жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Әуезовтің мерейтойлық медалінің эскизін жасады. 1999 жылдан Ұлттық банктің бас дизайнері.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub