Тәңірберді (Тәкежан) Құнанбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тәңірберді (Тәкежан) Құнанбайұлы (1834-1906) - Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы. Абайдың ағасы. Тәңірбердінің Қаражаннан туған Әзімбай, Мақұлдай деген ұлдары болған. Тәңірберді Оспан өлгеннен кейін, оның әйелі Зейнепке үйленген. Құдасы Оразбай Аққұлыұлының азғыруымен талай рет Абайға қарсы кісілерді қолдаған. Ақ шоқыда жерленген. Ақын «Байсып, паңсып...» деп басталатын өлеңінде езінің туған ағасы осы Тәңірбердінің оғаш мінездерін, өркөкірек, қатыгез қылықтарын мейлінше өткір тілмен әжуа етеді. Оның өтірік, өсек десе бәйге атындай шапқылағанымен, қолынан түк келмейтін қуыс кеуде екеніне қатты ренішін білдіреді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub