Недогон
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
НЕДОГОН Александр Васильевич (4.2.1932 ж. т., Харьков қ.) – кен инженері. Қазақ тау-кен ин-тын бітірген (1956). 1950 – 51 ж. Оңтүстік Қазақстан геол. партиясының коллекторы. 1956 – 60 ж. Мырғалымсай шахта басқармасының кен шебері, телім бастығы, 1960 – 63 ж. Ащысай полиметалл комб-ның «Батыс» кенішінде телім бастығы, бас инженердің кен жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1963 – 92 ж. «Ақсай» кен басқармасының директоры, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің бас инженері, бас директоры, 1992 – 94 ж. «Қаратау» акцион. қоғамының вице-президенті болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет, медальдармен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. 20-дан аса ғыл. кітаптардың авторы, 14 жаңалық ашқандығы жөнінде куәлігі бар.