Владимир Николаевич Кусов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Владимир Николаевич Кусов - (24.5.1916, Ресей, Омбы қаласы – 24.6.2007, Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1972). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

  • 1940 - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
  • 1947-1972 - Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми кеңесші (1984 жылдан),
  • 1972-1984 - Татарстанның Қазан малдәрігерлік институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1
  • 1970 жылы «Клещи орнитодирины Казахстана (Фауна, распространение, экология, вредоносность и меры борьбы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері арахноэнтомология мәселелеріне арналған.

Кусов қора кенелерінің, т.б. мал энтопаразиттерінің фаунасы мен экологиясын зерттеп, олардан арылу шараларын ұсынған. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub