Қаналы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қаналы Қалыбайұлы (1854 – 1918/19) – би, болыс. Қызылорда, Қостанай өңірлерінде мешіттер салуға көп көмектескен. 1907 жылы Қостанайда ашылған орыс-қазақ әйелдер гимназиясына ақшалай көмек берген. Қаналы өмірі мен қызметі белгілі ақын-жыраулардың жырларына арқау болған. Оның қазасына ақын Сейітжан Бекшентайұлы жоқтау өлең шығарған. Сонымен қатар ел аузында «Ақша керек болса Қаналыға бар, ақыл сұрасаң, Жаналыға бар» деген сөздер сақталған. «Қаналы мешіті» Қызылорда – Жезқазған (Құмкөл) тас жолының 40 шақырымында жолдың сол жақ бетінде 200 м-дей жерде орналасқан. Бидің сүйегі Қостанай облысындағы Орқаш елді мекеніндегі Бесмола қорымына жерленген. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub