Мырзаш Алдияров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алдияров Мырзаш (1826 — қайтыс болған жылы белгісіз) — жолбасшы, саяхатшы. Қытайдың, әсіресе көрші Жоңғария жерінің географиясын өте жетік білген. Алдияров 1877 жылы Орталық Азияны зерттеуге шыққан орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскийдің 2-экспедициясының жолбасшысы болып, оны Құлжадан Гаченге дейін, ал 1879 жылы оның 3-экспедициясын Зайсаннан Орталық Азиядағы Гашун-Нор көліне дейін бастап апарды. Осы экспедицияларды Азияның асқар таулары мен құлазыған шөлдерінен, орыс саяхатшыларына наразылық көрсетіп отырған жергілікті халықтың арасынан аман өткізіп, көп көмегін тигізді. Н.М.Пржевальский Алдияров туралы: “Мырзаш, біздің шекарамен өңірлес Жоңғарияны өте жақсы білетін жолбасшы болды... Оны біз еңбегіне орай Гашун-Нордан сыйлығын беріп қайтарып отырмыз” — деп жазды. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub