Сабантой

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сабантой — түркі халықтарында (татар, башқұрт, ішінара қазақтарда) тойланатын мейрам. Егін жинау науқанынан кейін күзде өткізіледі. Сабантой мейрамы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Мұнда ұлттық спорт түрлері: күрес, ат жарысы, жаяу жарыс өткізіледі. Ұлттық киімдерін киіп шыққан жастар ана тілінде ән айтып, би билейді. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала