Мадина Ғайни Ластайқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мадина Ғайни Ластайқызы (8. 3. 1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Қотанқарағай ауданы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1959), доцент (1964). Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1947). Алматыдағы қыздар педагогика институтында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған. "Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала