Бөлекей
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөлекей(туылған жылы белгісіз – 1808) - сұлтан, Кіші жүз ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Ералының баласы. Сырдарияның төменгі ағысы мен Ырғыз өзені бойын мекендеген шөмекей руының 4 мыңға жуық отбасы, сондай-ақ, Жаңадария өзен жағалауындағы қарақалпақтар Бөлекейдің қол астында болған. Ол 1770 жылыҚайып ханның ұлы Жаїангер (Жәңгір) Хиуа тағынан тайдырылған соң, жергілікті ықпалды топтың қолдауымен оның орнына отырды. Бірақ бір айдан кейін әмір Мұхаммед Әминнің тегеурінімен Бөлекей Хиуадан қуылып, әкесі Ералыға жіберілген. 1780 жылы Бұхар әмірінің қолдауымен шөмекей руының және қарақалпақтардың басым бөлігінің ханы болып сайланды. Ол өзінің билігі кезінде орыс шекаралық өкіметімен байланыс жасамауға тырысқан. Бөлекейдің 4 ұлы болған. Олардың ішінде Қасым мен Сауқым мұрагерлік жолмен хан сайланған. Бөлекейдің қызы Хиуа ханы Елтүзер Мұхаммедке ұзатылған.
Пайдаланылған әдебиет
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөлекей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}