Суылдыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Суылдыр (Үлгі:Lang-en) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тянь-Шань тауларының сортаң топырақты шалғындарында , өзен бойларында ылғалы мол баптақты жерлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – қысыңқы С. (B.compreessus). Биікт. 15-40 см, тамыр сабағы жатаған, оның жер асты өскіндері болады. Сабағының төменгі жағы қысыңқы, жоғарғы бөлігі үш қырлы келеді. Төменгі қынабы қоңыр түсті, жапырақсыз, ал жоғарғылары 5-7 ұзын, шеті бұдырлы жапырақтан тұрады. Олар сабағынан қысқа болады. Гүлшоғыры 5-10 гүлден құралған масақ. Маусым- тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі –қоңыр-қара түсті, ұзын тұмсықты жаңғақша. С.- мал азықтық шөп.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.