Аяққанаттылар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аяққанаттылар. Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай сүйірленіп, кеуде қанаттары ескек сияқты су түбінде қозғалуға мүмкіндік беретін органға айналған. Сондықтан да, бұл балықтарды аяққанатты балықтар деп атайды. Бізде Қара теңіз бен Баренцево теңіздерінде теңіз шайтаны (Lорһіиs ріsсаtогіиs) деген түрі тіршілік етеді. Арқа қанаттарының алдыңғы шоқтары ұзын, қозғалғыш қармағышқа айналған. Теңіз шайтандары теңіз түбіндегі балдырлардың арасында жасырынып тұрып, қармағыштарының жәрдемімен ұсақ балықтарды, балық шабақтарын ұстап қоректенеді. <ref>«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы</ref>

Дереккөздер

<references/>