Құс тұмсықты балықтар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құс тұмсықты балықтар (Ziphiidae) - тісті киттер тұқымдасына жатады. Дене ұзындығы 5-12,5 м. Тұмсығы ұзын құстардікіне ұқсас. Демтесігі жарты ай тәрізді. Өңешінде артқа қарай тармақталған 2-4 қарық (жарықша) байқалады. Денесің артқы үштен бірінде арқа жүзу қанаты орналасқан. Үстінгі тістері жетілмеген. Қорегі басаяқты былқылдақденелілер. Ұзақ уакыт (90 мин дейін) су астында үлкен тереңдікте жүзеді. ТМД-да 4 туыстың 5 түрі таралған. Құстұмсықтылар ТМД-да Командор және Куриль аралдарының жағалауында кездеседі. КСРО Қызыл кітабына енгізілген.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Biosci-stub