Ортаңғы ұрық жапырақшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ортаңғы ұрық жапырақшасы (мезодерма); (mesoderma, грек, mesos — ортаңғы, derma — тері) — сыртқы (эктодерма) және ішкі (энтодерма) ұрық жапырақшалары аралығында орналасқан ортаңғы ұрық жапырақшасы. Ұрықтық даму кезінде мезодермадан арқалық сегменттер (сомиттер), сегменттік аяқшалар (нефрогонадотом) және төменгі сегменттелмеген бөлік (спланхнотом) жетіледі. Сомиттер ұрықтың дене сегменттеріне сөйкес дамиды да, өз кезеңінде үш қабатқа (дерматом, миотом, скелетом) ажырайды. Дермотомнан нағыз тері қабаты - дерма қалыптасады. Миотомдардан дене (қаңқа бұлшықеттері, склеротомнан омыртқа бағанасы, ал нефрогонадотомнан жыныс және зәр бөлу мүшелерінің эпителий қабаттары мен бездері дамиды. Спланхнотомнан екінші дене қуыстарын (көкірек, Құрсақ, жамбас) астарлайтын сірлі қабықтардың сыртқы (париетальды) және ішкі астар (висцеральды) жапырақтары жетіледі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub