Гастроцель

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гастроцель (gastrocoelis; грек, gaster — қарын, асқазан; koelia — қуыс) — гаструла сатысындағы ұрықтың ішкі қуысы.

Гастроцель сыртқы ортамен алғашқы ауыз тесігі — бластопор арқылы қатысады. Бластопорды шектейтін ернеулер орналасу орындарына байланысты жоғарғы (дорсальдық), төменгі (вентральдық), оң және сол бүйірлік (латеральдық) болып ажыратылады.

Дорсальдық ернеу бластомерлерінен (жасушаларынан) — хорда, ал вентральдық және латеральдық ернеулердің жасушалары материалдарынан ортаңғы ұрық жапырақшасы — мезодерма қалыптасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub