Көпқабатты ауыспалы эпителий
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көпқабатты ауыспалы эпителий — несеп жолдарын (бүйрек түбегі, несепағар, қуық, несепшығар өзегі) астарлайды. Көпқабатты ауыспалы эпителий негіздік, аралық және жоғарғы жабынды жасушалар қабаттарынан құралған. Көпқабатты ауыспалы эпителий — қорғаныс қызметін атқарумен қатар зат алмасу процесіне де қатысады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>