Үлпершек (Перикард)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлпершек (перикард); (лат. pericardium — жүрекқап) — көкірек қуысында жүректі қаптап жатқан сірлі-фиброзды қапшық. Ол көкірекіштік шандырының жүрек тұсындағы бөлігі фиброзды қабаттан құралған. Ол сыртынан көкірек ортасы сірлі қабығы — плеврамен, ал ішінен жүрек сірлі қабығымен қапталған. Үлпершек пен жүректің арасындағы қуыста сірлі сұйық болады. Үлпершек жүректі сыртынан қаптап, оны төс сүйекке және диафрагмаға бекітіп турады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>