Жіліншік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қысқаша мәлімет

ЖІЛІНШІК – адамдағы аяқ, жануарлардағы алдыңғы, артқы аяқ сүйектерінің бір тобының атауы. Адамда ЖІЛІНШІК табан сүйектерін құрып, башай сүйектері және асық жілік аралығында болады, 5 қуыс сүйектен тұрады. Жануарлардағы Ж. саны, пішіні, ұзындығы жануарлар түріне, мал түлігіне байланысты әр түрлі болады. Мыс., иттің алдыңғы ЖІЛІНШІгі 2 ұзын, 2 қысқалау, тым қысқа сүйектерден; сиырдың алдыңғы ЖІЛІНШІгі – тұтасып біткен 1 үлкен сүйектен; жылқының Ж-гі – 1 үлкен, 2 кішкене сүйектен; шошқаның алдыңғы Ж-гі 2 үлкен, 2 кіші сүйектен тұрады. Артқы Ж. сүйектері алдыңғы Ж. сүйектеріне ұқсас, тек ұзындау және ірілеу болады.

<ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub