Оранжерея

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Оранжерея (франц. orangerіe, orange – апельсин) – өсімдіктер өсіру мен оларды күтіп-баптау үшін арнайы жасалған әйнектелген ғимарат. Оранжереяда ылғалдың, температура мен жарықтың белгілі бір жағдайлары қамтамасыз етіледі. Оранжереяда ағаштар, бұталар, көбінесе мәңгі жасыл өсімдіктер (мысалы, пальма), цитрусті өсімдіктер (лимон, апельсин), жеміс-жидектер мен гүлдер өсіріледі. Оранжерея ішінде температураны белгілі бір деңгейде (10С және одан жоғары) ұстау үшін күн сәулесі мен техникалық жылыту аппаратуралары (электрлік, сумен жылыту) қолданылады. Оранжереяның: бір еңісті, екі еңісті, блокты және ангарлы түрлері болады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub