Иван Федорович Венедиктов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Венедиктов Иван Федорович<ref>Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1898 жылы Украина жерінде Каменец-Подольск губерниясы, Буды селосында туған.
Еңбек жолы және жетістігі
- 1930-1932 жылдары - Талдықорған облысы, Черкасск ауылдық советінің председателі.
- 1932 жылы - "Красная степь" колхозының председателі.
- 1935 жылы - "Коллективный труд" колхозының председателі.
- 1939 жылдан КОКП мүшесі.
- 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, көрсеткен ерліктері үшін Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені және "Слава" орденімен, сонымен қатар "За отвагу" және "За победу над Германией" медальдарымен марапатталған.
- 1945 жылы өз колхозына оралып жұмысын ондан әрі жалғастырады. 1946 жылы колхоз астық жинау жоспарын жоғары орындайды. 1947 жылы 41 г егістік алқаптың әр гектарынан 30,48 ц өнім алған.
- 1947 жылы ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары
- Ленин ордені (1946)
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
- Медальдар
Дереккөздер
<references/>