Актив қуат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Актив қуат — айнымалы ток қуатының бір период ішіндегі орташа мәні. Ол электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне түрленуінің орташа жылдамдығын сипаттайды. Ваттпен өлшенеді. Синусоидалы токтың актив қуаты (Р) былай өрнектеледі: P=I*U cos(a), мұндағы І — токтың әсерлік (эффектілік) мәні, U — кернеудің әсерлік мәні, cos(a) — ығысу фазасы бұрышының косинусы.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub