Селитралар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Селитралар (латынша sal — тұз, nіtrum — сілті, табиғи сода) — аммоний, натрий, калий, кальций мен барийдің нитраттары. Ең маңыздысы және көп тарағаны — натрий селитрасы (Чили селитрасы). Оның ең көп қоры Чилиде, аз мөлшерде АҚШ, Колумбия, Африка, Аргентина, Орта Азияда кездеседі. Селитралар табиғатта бактериялар әсерінен органикалық қалдықтардың шіруі нәтижесінде түзіледі. Селитралар көбіне азотты тыңайтқыштар ретінде, оқ дәрі жасауда, химия өндірісінде, медицинада, аммиак (аммоний) селитрасы техникада қопарғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.