Агрегат (химияда)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Агрегат
- бірнеше молекулалардан немесе иондардан тұратын бөлшек;
- бірнеше құрылымдық немесе технологиялық бөліктері бар құрылғы.
Түрлері
- Беттік дайындау агрегат - металл бұйымдарын бояу алдында бетін майсыздандыруға, фосфаттауға, енжарлауға және улауға арналған жер асты камерасы.
- Карбонизациялаушы агрегат — жүн талшықтар мен маталардан өсімдік қоспаларын химиялық тәсілмен аластауға арналған құрылғы.
- Содарегенерациялаушы агрегат — сілтіні регенерациялау және натрий сульфатын тотықсыздандыру мақсатында, сонымен бірге бу алу мақсатында сақардың органикалық бөлігін жағуға арналған құралғы; бу қазанынан, экономайзерден, буландырғыштан тұрады.
- Үрлеуші агрегат — үрлеп белгілі бір пішінге келтіру арқылы пластмасса бұйымдарын дайындауға арналған құрылғы.<ref name=h1>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>
Дереккөздер
<references/>