Нәзілік түзіліс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Нәзілік түзіліс, мультиплеттік жіктелу – спиндік-орбиталдық өзара әсерлесулер салдарынан атомдардың, молекулалардың және кристалдардың энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтарының жіктелуі. Жеңіл атомдар үшін энергия деңгейлерінің “нәзік” жіктелу шамасы 10–5 эВольттан аспайды, ал осыған сәйкесті спектрлік сызықтар үшін бұл шама бірнеше см–1-ге тең. Энергия деңгейлерінің жіктелуі ядро зарядының артуына байланысты өседі, ауыр атомдардың энергия деңгейлері үшін ол эВольттың ондық үлесіне дейін жетеді де “нәзік” бола алмайды. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub