Қол қаңқасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қол қаңқасы - иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек. Бүғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қол басы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен қатарласа орналасқан. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады.
<ref>Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>