Ағынды алаңшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ағынды алаңшасы (Стоковая площадка) — беткейдің жер беті (беткейлік) ағындысын тосып алу және есепке алу құралдарымен жабдықталған ернеумен (жасанды суайрык) шектелген бөлігі. Ағынды алаңшасының төменгі бөлігіне түскен су жинақтағыш науашалар арқылы оның деңгейінен төмен орналастырған өлшеуіш павильонға жіберіледі. Павильонда орнатылған су деңгейін өзі жазғыштары бар өлшеуіш бактар алаңшадан түскен судың мөлшерін көлемдік тәсілмен тіркейді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала