Үлкен айналым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлкен айналым - ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардың үстінен құрлықтарға тасымалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын-шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі. Су буының мұхит бетінен келген кішігірім бөлігі құрлықтың тұйық аймақтарына жауын-шашын түрінде түседі және қайтып оралмайды, яғни үлкен айналымға қатыспайды. Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі мен жылдамдығы біркелкі емес. Ғаламшардың көлемінде, әдетте, ылғал айналымының мынадай типтері қарастырылады: жер мен ғарыш арасындағы, атмосфера мен мұхитаралық, атмосфера, топырақ және биосферааралық. Ылғал айналымының барлық типтері тұйықталмаған болып келеді. Ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын және булану құрлықішілік ылғал айналымының негізгі элементтері болып табылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub