Бөген түрлері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бөген түрлері - кейіннен және қажет кезінде пайдалану үшін су толтырылған біршама ауқымды резервуар болып табылатын бөгендердің мынадай түрлері кездеседі: 1) темір, бетон, тас және басқада материалдардан жасалған жабық резервуарлар. Олар жер бетінде немесе жер астында орналасады. Күнделікгі реттелетін резервуарлар ретінде сумен қамтамасыз ету немесе тегеурін жасауға пайдаланылады; 2) шұңқыр қазу, тегіс немесе еңістігі аздау жерлерде үйінділермен қоршау арқылы жасалынатын ашық бассейндер. Мұндай бөгендер кейде дериватты СЭС түрінде жасалып, күнделікті реттелетін бассейндер ретінде, сондай-ақ суару жүйесіңде көктемгі ағындыны уақытша ұстау үшін пайдаланылады; 3) табиғи ағын сулардың анғарларында тегеурін қалыптастырушы имараттар салу арқылы пайда болған бөгендер (бөгет, СЭС имараттары және т.б.). <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub