Гипоген минералдар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гипоген минералдарЖер қыртысының терең қабатындағы сұйық магма кристалданған кезде түзілетін минералдар. Олар магма суынғанда бөлінген газдар мен ыстық сулардан тұнады. Гипоген минералдарға балқыған күйдегі сульфид – оксид және силикат құрамды магманың суынуынан түзілген барлық минералдар (дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, оливин, хромит, титан-магнетит, т.б.), газ күйіндегі қосындыларға бай магма қалдықтарының минералдары (топаз, берилл, т.б.), жапсарлық – метасоматик. процестердің минералдары (гранат, везувиан, т.б.), гидротермальдық кен желілерінің минералдары (флюорит, темір, марганец, түсті және сирек металдардың сульфидтері, алтынның теллуридтері, т.б.), жанартаудың ыстық буы мен газының минералдары жатады. Гипоген минералдардың көпшілігі үгілу процестерінің әсерінен гиперген минералдарға айналады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub