Кендірлі құмқайыры
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
КЕНДІРЛІ ҚҰМҚАЙЫРЫ, Каспий теңізінің шығыс жағалауында. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Теңіз деңгейінен 110 – 112 м биіктікте. Оңтістіктен солтүстік-батысқа қарай 23 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 – 3,5 км. Құмқайырдың теңізге қараған бөлігі тегістелген. Кендірлі шығанағы құмқайырдың оңтүстік-шығысынан құрлыққа сұғына еніп жатыр. Солтүстік-батыс шетінде теңіз кемелерін су астынан шығып тұратын тастардан сақтауға арналған шамшырақ оты орналасқан. <ref name=”test”>”Қазақстан Энциклопедиясы”</ref>
Сілтемелер
<references/>