Жыландысай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Жыландысай – Шалқар көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерімен ағып өтеді.
Бастауы
Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі Шағырай үстіртінің солтүстік-шығысынан басталып, Берденсор көлінің тұсындағы сорға сіңіп кетеді.
Гидрографикасы
Ұзындығы 104 км, су жиналатын алабы 2740 км2. Арнасы көбіне жайпақ келеді. Көктемде еріген қар суымен толығып, жазда тартылып қалады. Жыландысайдың алабы – күзгі және көктемгі мал жайылымы.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>