Гамбузия
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:32, 2018 ж. қыркүйектің 8 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Сурет:Gambusia holbrooki.png
Гамбузия
Гамбузия (Gambusіa affіnіs) – тісті тұқы отрядына жататын кішкентай масажегіш балық.
Г-ның ежелгі мекені – Солт. Америка. Қазақстанда Сырдария, Шу, Талас және Балқаш су алаптарында жерсіндірілген. Аталығының дене тұрқы 4 см-ге, салм. 0,4 г-ға, ал аналығы – 7 см-ге, салм. 3,5 г-ға жетеді. Г. жазда арасына 1 айдай уақыт салып, 6 рет 15 – 100-ден шабақ туады. Ол жыныстық жағынан 1 – 2 айда жетіледі. Масаның дернәсілімен, қуыршағы, ұсақ жәндіктермен, балық уылдырығы кейде өз шабағын да жейді. Егер саны көбейіп кетсе, балық ш-на зиян келтіреді.
Г. аквариумда жақсы көбейеді.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Stub