Айғай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Айғай – шоқы, Қарағанды облысы Осакаров ауданының шығысын ала, Шоқай ауылынан оңтүстік-батысқа таман 5 км, аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа таман 26 км жерде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы
Солтүстік-батыс беткейі тіктеу келген. Абсолюттік биіктігі 686 м. Протерозой жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Карбонатты қара топырағында бетеге, қызғылт көде, тал-шілік өседі. Жайпақ баурайлары мен етегі жыртылған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>