Тасқын

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тасқынқар мен мұздықтың тез еруінен және мол нөсер жаңбырдан өзен деңгейінің қысқа мерзімде күрт көтерілуі. Тасқынның су тасудан айырмашылығы жылдың кез келген уақытында болады. Егер Тасқын өзеннің жеке бір бөлігінде байқалса, онда бұл құбылыс ағыспен төмен қарай қатты шапшаңдықпен (жазық өзендерде – 5 км/сағ., тау өзендерінде 45 км/сағ.) таралады. Күшті Тасқындар су басуына ұласуы мүмкін. Ағыны реттелген өзендер алқабына Тасқын қауіпті емес.Үлгі:Wikify