Холодник

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Холодник (белорус тағамы) Қымыздық жапырағын іріктеп алып, жуып тазартып, ұсақтап турайды да, ыстық суға немесе ет сорпасына салып қайнатады, суытқаннан кейін қабығын аршып, ұсақтап туралған жас қияр турап, тұз араластырған көк пияз, жұмыртқаның езілген ағы мен сарысын қосады. Татымына қарай тұз, құмшекер сеуіп, қаймақ құяды, аскөк салады. 1 кг қымыздыққа: 2 жас қияр, 100 г көк пияз, 3 жұмыртқа, 150—200 г қаймақ, көкөніс, құмшекер, тұз-татымына қарай.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub