Тимур Санжарұлы Сегізбаев
Үлгі:Футболшы Темір Санжарұлы Сегізбаев (12 мамыр 1941, Семей — 15 желтоқсан 2017) — КСРО-лық футболшы, шабуылшы, футболдан спорт шебері (1963), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1972).
Мазмұны
Өмірбаяны
Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Футболшы
1957 жылы Рига қаласында өткен мектеп оқушыларының 9-Бүкілодақтық спартакиадасына алғаш рет қатысып, шеберлік керсетті. Бір жылдан соң "Мелиоратор" (Шымкент) клубына қабылданды. Ол кезде "Мелиоратор" КСРО Б класында ойнайтын. Бірақ екі жылдан соң тұңғыш рет А класында ойнауға мүмкіндік алды. Темір 1960 жылы "Қайратқа" ауысты, ал "Қайрат" қазақстандық клубтар арасында бірінші боп жоғары лигаға жолдама алды.
КСРО жоғары лигасындағы тұңғыш ойынын 14 мамырда "Беларусь" клубына қарсы өткізді. Ойынның 18, 80 минуттарында екі гол соғып, клубтың жоғары лигадағы тұңғыш жеңісіне үлкен үлес қосты. Бірақ бұл маусымда одан артық гол соқпады, себебі, 19 жасар футболшы алаңға жиі шыға бермеді, тек алты ойында ғана 90 минут түгел ойнады.
1961 жылғы КСРО чемпионаты да сәтті бола қоймады. 13 кездесуде бір гол да соққан жоқ. Қайраттықтар сапындағы келесі голын тек 1963 жылы 25 маусымда "Торпедо" (Мәскеу) қақпасына соқты, бұл ойында команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Темірдің өміріндегі маңызды ойындардың бірі 1964 жылы 28 тамызда Мәскеуде "Спартакқа" қарсы өтті. Әрине, бұл ойында маңызды бір жүлделердің тағдыры шешілген жоқ, есесіне Темір соққан екі гол командаға жеңіс әперді. Алғашқы голы керемет траекториямен ұшып барып қақпаға енді (көз көргендер осы голды 1988 жылғы Еуропа чемпионатындағы Марко ван Бастеннің Дасаев қорғаған қақпаға соққан голына ұқсатады). Сол ойыннан соң "Қайрат" клубының бейресми "Тимур және оның командасы" атты лақап аты пайда болды. Темір әлі күнге дейін "Лужникиде" екі гол соққан жалғыз қазақ футболшысы<ref>https://yvision.kz/post/207855</ref>.
1969 жылы 21 қазанда "Уралмашқа" қарсы ойында "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын өткізді. Келесі жылы Темір футболшы карьерасын аяқтады.
Бапкер
1971 жылы "Автомобилист" клубын жаттықтырды. 1972 жылы "Шахтердің" тізгінін ұстады.
1986 жылғы маусым барысында Леонид Остроушконың орнына екінші рет "Қайраттың" бас жаттықтырушысы болды. Остроушконың шектен тыс қаталдығынан шаршаған футболшылар екінші айналымда тіпті жақсы ойнады, маусым қорытындысында жетінші орынға табан тіреді, бұл клуб тарихындағы ең үздік нәтиже. 1988 жылы клуб ойыны қайта нашарлап кетті де енді керісінше орнын Остроушкоға босатты.
Сол жылы бапкерлік карьерасына нүкте қойды.
2017 жылы 15 желтоқсанда 76 жасында өмірден өтті.
Марапаттары
КСРО
- КСРО спорт шебері (1963)
- Қазақ КСР және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1974).
Қазақстан
- ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ордені (2011).
- «Отан» ордені (2016).
Ескерткіштер
- 2001 жылы Б.Галиская-Мусина "Сегізбаевтың 10 күні мен күллі ғұмыры" атты кітабы шықты.
- 2010 жылы Сегізбаев жайлы деректі фильм түсірілді.
- 2014 жылы "Қайрат" жасөпірімдер футбол академиясына Темір Санжарұлының есімі берілді.
Дереккөздер
Сілтемелер
- 12 мамырда туғандар
- 15 желтоқсанда қайтыс болғандар
- КСРО футболшылары
- Қайрат ФК ойыншылары
- КСРО футбол жаттықтырушылары
- Шахтер Қарағанды ФК жаттықтырушылары
- Қайсар ФК жаттықтырушылары
- Қайрат ФК жаттықтырушылары
- КСРО спорт шеберлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушылар
- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары
- КОКП мүшелері
- Аманат партиясының мүшелері
- Йемен Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары