Кен қабаты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кен қабаты – жер қойнауындағы кен байлықтарының орналасу қалпы, оның қалыңдығы мен ұзындығы және тереңге бойлау өлшемдері. Қазақстан аумағындағы кен қабатының пішіндері – қалыңдығы біркелкі қабат, линза және ұя тәрізді, штокверк, тарамдалған тамыр тәрізді болып кездеседі. Мыс., көне тау жыныстарының шөгуі нәтижесінде пайда болған Қарағанды көмірі, Жезқазған мыс кен орны біркелкі қабат (қалыңдығы 2 м-ден 30 м-ге дейін) түрінде; қалыңдығы 200 м-ге дейін жететін Екібастұз көмір кен орны ұя пішіндес; Қоңырат мыс кен орны тереңдігі 400 м штокверк секілді; Ақшатау полиметалл кен орны, Степняк алтын кен орны жер қойнауында тарамдалған тамыр тәрізді болып орналасқан. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер